Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстан-Беларусь: Екіжақты әскери ынтымақтастық артады
    Жаңалықтар

    Қазақстан-Беларусь: Екіжақты әскери ынтымақтастық артады

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин16.04.202512 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: gov.kz

    Қазақстанға Қарулы күштер Бас штабының бастығы – Беларусь Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, генерал-майор Павел Муравейко бастаған шетелдік делегация келді, – деп хабарлайды salemnews.kz

    Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың Беларусь әскери делегациясы басшысымен өткен хаттамалық кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастықтың оң динамикасы атап өтілді. Тараптар әскери қауіпсіздік саласындағы диалогты нығайту қажеттігін растады.

    Кездесуге қатысушылар екі мемлекеттің әскери-оқу орындарында офицерлер құрамын оқытуға, Беларусь аумағында да, Қазақстанда да екіжақты оқу-жаттығулар өткізудің жоғары қарқынын сақтаудың маңыздылығына, бітімгерлік қызметке қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

    — Қазақстан-Беларусь әскери ынтымақтастығы жыл сайын дамып, нығайып келеді.  Өткен жылы Қазақстан тауларында алғаш рет Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Беларусьтің Арнайы операциялар күштерінің қатысуымен «Бауырластық шыңы» екіжақты оқу-жаттығуы өткізілді. Қазақстандық десантшылар  Беларусьтің  неміс-фашист басқыншыларынан азат етілуіне 80 жыл толуына және Тәуелсіздік күніне орай өткен шеруге қатысып, қазан айында Брест маңындағы «Орман бауырластығы-2024» жаттығуларына аттанды. Осы іс-шаралардың барлығы біздің елдерімізді жақындастырып, жақын, сенімді қарым-қатынастарға баса назар аударады, — деп атап өтті Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

    Сонымен қатар жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелері, атап айтқанда Минск Суворов әскери училищесі тәрбиеленушілерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысуы айтылды.

    Астанада екі ел Қарулы күштері Бас штабтарының бастықтары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов пен генерал-майор Павел Муравейко әскери-стратегиялық зерттеулер орталығында, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде, Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында болып, мекемелердің құрылымымен және қызметімен танысты.

    Ресми сапар Алматыда жалғасады. Онда Армия үйіндегі әскери-тарихи мұражай филиалына және 28 панфиловшылар паркіне бару көзделген. Шетелдік қонақтар үшін ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының «Бітімгер» оқу орталығында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады. Оларға ҰҰА бөлімшелері мен бітімгерлердің практикалық іс-әрекеттері көрсетіледі.

    Беларусь Қазақстан ынтымақтастық
    Previous ArticleАуруханалардағы триаж жүйесі
    Next Article Легионерлерге мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбейді
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.