Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Вьетнамның Вунгтау қаласында U17-23 жас санатындағы күрес түрлерінен Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні өтті, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.
Кеше грек-рим күресінен 7 салмақта үздіктер белгілі болды. Соның ішінде 23 жасқа дейінгі Ұлттық құрама 3 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдеге қол жеткізді.
Чемпиондар:
Исхар Құрбаев (-60 кг)
Бағдат Сабаз (-67 кг)
Ақжан Ықыласов (-77 кг)
Күміс жүлдегер:
Юсуф Мациев (-97 кг)
Джохар Узаров (130 кг)
Қола жүлдегер:
Диас Қалтай (-82 кг)
Бүгін қалған салмақтағы палуандар бозкілемге шығады. Бұл қатардағы отандастарымыз:
55 кг — Ерасыл Мамырбеков;
63 кг — Ондасын Хамитов;
72 кг — Серғазы Әбдіхадыр;
87 кг — Мақсат Сайлау;