Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің қызметіне табыс тіледі.
Мемлекет басшысы Ресей президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады. Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді», – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.