Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қарулы Күштерде құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстары жанданды
    Жаңалықтар

    Қарулы Күштерде құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстары жанданды

    Сымбат ОразбековаСымбат Оразбекова13.06.202563 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының талаптарын жоғары деңгейде көтеру мақсатында және Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасының үйлестіруімен әскери бөлім мен мекемелерінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жарғыларын, Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын жан – жақты жеткізу және құқықбұзушылықтарды алдын алуға бағытталған бағдарламаны жүзеге асыруда көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

    Әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығы мен мәдениеттілігін нығайту мақсатында, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен «Өмірді сақта» ведомоствааралық бағдарламасымен бекітілген жоспарына және ҚР ҚК Әскери полициясы органдарының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Бөлімді өз бетімен тастап кетуді, әскери қызмет өткеруден бас тартуды және жалтаруды алдын алу», «Жарғы-әскери қызметтің қауіпсіздігінің кепілі» онкүндігі, «Заң және тәртіп», сонымен бірге отбасылық тұрмыстық жағдайда құқық бұзушылыққа бармауға, ұрып-соғу, ар-намысына тимеуге, есірткі заттарын алып жүрмеу және пайдаланбау, алкогольдік ішімдіктерді пайдаланбау, құмар ойындарға әуес болмауды, бұзақылық әрекеттерге бармау, тыйым салынған орындарда шомылмауға, қызмет барысында өз өкілеттіктерін асыра пайдалану және де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерін жеткізу бойынша профилактикалық сабақтар өткізілді.

    Әскери қызметшілердің ең басты міндеті ол, өз қызметіне адал болу жалпы әскери жарғылардың талаптарын, өз Отанының патриоты болып, өзінің іс-қимылымен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттің мүдделерін қорғауға, әскери қызметшілер арасындағы достықты нығайтуға, командирдің бұйрықтарын дәлме-дәл және мерзімінде орындауға, оларға мүлтіксіз бағыну және әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын сақтау, сеніп тапсырылған қаруды, қару-жарақ пен әскери техниканы білуге және қолдана алуға, оның сақталуын және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуге, әскери мүлік пен басқа да материалдық құралдарды күтіп-ұстау, әскери қызметшілерді қауіптен құтқаруға, оларға сөзбен және ісімен көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, өзіне және басқаларға қатысты дөрекілік пен қорлауға жол бермеуге, олардың лайықсыз қылықтар жасауынан сақтану, әскери әдептілік, мінез-құлық және әскери сәлемдесу қағидаларын, әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде оны киіп жүру қағидаларын сақтай отырып, әскери киім нысанын киіп жүруге, әрдайым және барлық жерде өзін лайықты және абыроймен ұстау, әскери қызметте қырағы болу, әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың талаптарын сақтау болып табылады.

    Жас буынды әскери қызметшілеріміз әскери өмірде темірдей қатал тәртіпке бағынып ел басына күн туған сәтте, кез-келген жағдайдан шығу жолдарын, қорғану мен қорғауды антқа берік, досқа адал болуды үйренуде.

    Қазіргі таңда, 66597 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілер қатарынан іріктеліп қалған келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен ұдайы түрде «Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау», «Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүрлеу», «Бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттерi», «Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу», «Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету», «Қашқындық», «Әскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту» деректеріне жол бермеу бойынша психолог маманы және теолог мамандарын тарта отырып көптеген құқықтық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.

    Сонымен қатар, әскери қызметшілерге 2024 жылғы және 2025 жылғы 5 айдағы орын алған қылмыстық және әкімшілік деректер бойынша сот қаулыларымен сот үкімдері жан – жақты жеткізілді.  

    Әскери қызметші Қазақстан Республикасының қорғаушысы деген жоғары атаққа лайық болуға, Қарулы Күштердің және өз әскери бөлімінің жауынгерлік даңқын, өзінің әскери атағын құрметтеуге, мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар бәрімізден өз ісімізге адал болуды, адалдығымызға күмән келтірмеуді, құқықбұзушылықтардан  ада болуды талап етеді деді, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы майор Бақтияр Дәуренқұлов.    

    Бақтияр Дәуренқұлов,

    Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы, майор

    Қарулы Күштер Құқықтық сауаттылық
    Previous ArticleШардарадан заңсыз балық аулаған қылмыстық топ ұсталды
    Next Article Таяу Шығысқа ұшуға тыйым салынды: министрлік мәлімдеме жасады
    Сымбат Оразбекова
    • Website

    Ұқсас жазбалар

    Қызылорда қаласы – жаңару мен дамудың нақты үлгісіне айналуда

    21.06.2025

    Шымкентте «шоколадпен қапталған құлпынайды» жалған жарнамалағандар сотталды

    20.06.2025

    Польша чемпионатында ойнаған Георгий Жуков келіссөз жүргізу үшін Ақтөбеге келді

    20.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.