Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Өзінің ауласын қазған ер адам 18,5 келі күміс тауып алған
    Жаңалықтар

    Өзінің ауласын қазған ер адам 18,5 келі күміс тауып алған

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова31.08.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ашық дереккөзден


    Данияның солтүстігіндегі Ребильд қаласының тұрғыны ауласына терраса салу үшін жер қазып жүріп, ерекше қазынаға тап болды. Оның ауласынан жалпы салмағы 18,5 келі болатын көне күміс бұйымдар табылды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Politiken басылымының мәліметінше, табылған заттарды зерттеуге археологтар тартылған. Мамандар бұл олжа Дания аумағынан осы күнге дейін табылған викингтер дәуіріне тиесілі ең ірі күміс қазыналардың бірі болуы мүмкін деп отыр.

    Nordjyske Museer мамандары жәдігерлер шамамен X ғасырда қыш ыдысқа жасырылған деп болжайды.

    Қазба кезінде 700-ге жуық бұйым мен олардың бөліктері анықталған. Олардың арасында күміс құймалар, білезіктер, 47 бүтін тиын, тиын сынықтары, Тор балғасы бейнеленген шағын бойтұмар және түрлі күміс әшекейлер бар.

    Археологтардың айтуынша, 320-ға жуық зат қыш құмыраның ішінде жақсы сақталған. Олардың жалпы салмағы 6,4 келіге жетеді. Қалған күміс бұйымдар ыдыстың айналасындағы топыраққа шашылып қалған.

    Nordjyske Museer мәдени мұра бөлімінің басшысы, археолог Торбен Сараув бұл олжаның тарихи маңызы зор екенін айтты.

    «Бұл Даниядағы викингтер дәуірін түсіну үшін аса маңызды олжа. Қазына сол кезеңде күмістің байлық өлшемі әрі төлем құралы болғанын көрсетеді», – деді ол.

    Табылған тиындардың арасында араб және ағылшын ақшалары да бар. Мамандардың пікірінше, бұл сол кезеңдегі скандинавиялықтардың Шығыс пен Батыс елдерімен кең сауда және мәдени байланыс орнатқанын аңғартады.

    Археологтар Ребильдтен табылған қазынаны викингтер дәуіріндегі өзіндік «банк сейфіне» теңеп отыр.

    Previous ArticleҚытайдағы кітап көрмесінде қазақтың заманауи әдебиеті таныстырылды
    Next Article Ұшаққа кіріп кеткен масалардың кесірінен екі қызметкер қайтыс болды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Алматыда дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    05.09.2026

    Қарқаралы орманында бұландар фототұзаққа түсті

    05.09.2026

    Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адам екі аяғынан айырылып қала жаздады

    05.09.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 666 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.