Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ұшаққа кіріп кеткен масалардың кесірінен екі қызметкер қайтыс болды
    Жаңалықтар

    Ұшаққа кіріп кеткен масалардың кесірінен екі қызметкер қайтыс болды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова31.08.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: magnific.com


    Франкфурт әуежайының екі қызметкері безгек ауруынан қайтыс болды. Тағы төрт адам ем қабылдап жатыр. Германияның денсаулық сақтау органдары инфекцияны тасымалдаған масалар әуежайға ұшақ арқылы жетуі мүмкін деп болжап отыр, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    BBC мәліметінше, әуежай аумағына арнайы маса тұзақтары орнатылған. Ұсталған жәндіктер зертханаға жіберіліп, олардың түрі мен қайдан келгені анықталмақ.

    Fraport компаниясының өкілі қызметкерлердің бірінің инфекция салдарынан қайтыс болғанын растады. Компания әуежай қызметкерлеріне ауру белгілері байқалған жағдайда дәрігерге жүгінуге кеңес берген.

    Жалпы алты ер адам инфекция жұқтырған. Олар әуежайдың әртүрлі бөлімдерінде жұмыс істеген. Қазір мамандар олардың бір ғана немесе бірнеше масадан жұқтырғанын анықтау үшін қан үлгілерін зерттеп жатыр.

    Роберт Кох институтының дерегінше, алғашқы төрт жағдай 4-6 шілде аралығында тіркелген. Мамандар инфекция таратқан масалар ұшақпен келуі мүмкін деген нұсқаны қарастырып отыр. Алайда олардың қай елден келген рейспен жеткені әзірге жарияланған жоқ.

    Институт мамандары Германияда безгек көбіне ауру кең таралған елдерден оралған адамдардан анықталатынын атап өтті. Ал инфекцияны тікелей әуежайда жұқтыру өте сирек кездеседі.

    Мұндай жағдайда диагноз қою қиындай түседі. Себебі науқас шетелге шықпаған болса, дәрігерлер безгекті бірден күдіктене бермейді. Нәтижесінде ауру кеш анықталып, асқынуы мүмкін.

    Франкфурт әуежайында бұған ұқсас «әуежайлық безгек» жағдайы 2023 жылы да тіркелген.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, безгек – кейбір масалар арқылы жұғатын паразиттік ауру. Ол негізінен тропикалық өңірлерде кездеседі және адамнан адамға тікелей берілмейді. Аурудың алдын алуға әрі емдеуге болады, алайда кей жағдайда ол өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

    Previous ArticleӨзінің ауласын қазған ер адам 18,5 келі күміс тауып алған
    Next Article Алаяқтардың сөзіне сенген ер адам 13 миллион теңге несие алмақ болған
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Алматыда дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    05.09.2026

    Қарқаралы орманында бұландар фототұзаққа түсті

    05.09.2026

    Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адам екі аяғынан айырылып қала жаздады

    05.09.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 666 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.