Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Үйге қайтарып жіберді: Танымал дәрігер ақ халаттылардың қолынан қаза тапты
    Жаңалықтар

    Үйге қайтарып жіберді: Танымал дәрігер ақ халаттылардың қолынан қаза тапты

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин15.04.202521 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ашық дереккөз

    Павлодар облысының танымал комбустиолог-дәрігері Марат Қанжыгалин 11 қаңтарда Астанада қайтыс болды, деп хабарлайды  salemnews.kz ALASH.KZ-ке сілтеме жасап.

    Newtimes.kz мәліметінше, марқұмның жұбайы бұл жағдайға байланысты Президентке видеоүндеу жолдады.

    Әйелінің айтуынша, оның күйеуі дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмған.

    Белгілі дәрігердің әйелі Гүлнәр Төхметова Instagram желісінде видеоүндеу жариялап, трагедияға алып келген оқиға қалай болғанын жан-жақты баяндап берді.

    «Өткен жылдың 16 желтоқсанында күйеуімді инсульт болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызды. Алайда қабылдау бөліміндегі дәрігерлер тексерістен кейін оны үйіне жіберіп, ол үйіне жете алмады», – деді ол.

    Гүлнәр Төхметованың айтуынша, жансақтау бөлімінде жатқан кезінде Марат Қанжыгалин ауыр бас-ми жарақатын алған.

    Осы жарақаттан кейін ол 26 күн комада жатқан. Жесірінің айтуынша, дәрігерлер бұл оқиға туралы полицияға хабарламаған, бұл – ереже бойынша міндетті.

    Қылмыстық іс тек науқас қайтыс болғаннан кейін ғана қозғалған. Әйелдің сөзіне қарағанда, алдымен медициналық мекеме басшылығы бейнежазбалар 10 күн сақталады десе, кейіннен дәрігерлік құпияға сілтеген.

     Отбасы Бас прокуратураға, Денсаулық сақтау министрлігіне және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне шағымданған.

    Алайда, әйелінің айтуынша, бұл мекемелер тек ресми жауаппен шектеліп, бас дәрігер кездесуден жалтарып жүр.

    Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайға байланысты түсініктеме беруден бас тартты, себебі тергеу құпиясына жататын мәліметтер бар.

    медицина Павлодар
    Previous ArticleПетропавлда курсанттардың жаппай төбелес шығарғанына орай қылмыстық іс қозғалды
    Next Article Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы көбейе ме?
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.