Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қосшыңыраудағы қарқынды даму: инженерлік инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейін
    Жаңалықтар

    Қосшыңыраудағы қарқынды даму: инженерлік инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейін

    SalemnewsSalemnews01.08.202614 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қосшыңырау ауылдық округінде соңғы жылдары тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Толығырақ округ әкімі Сейдуали Әлайдарұлынан білдік.

    – Қосшыңырау ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуында соңғы жылдары қандай оң өзгерістер орын алды?

    – Соңғы жылдары ауылдық округте инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

    Ең алдымен, Абай және Досан елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі толық шешімін тапты. Қазіргі таңда екі ауылдың тұрғындары толықтай табиғи газдың игілігін көріп отыр.

    Сонымен қатар Досан елді мекенінде жаңа медициналық бекеттің құрылысы аяқталып, бүгінде халыққа алғашқы медициналық көмек көрсетуде.

    Инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары мұнымен шектелмейді. Досан ауылын сапалы әрі тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жаңа электр желілері салынды. Қазіргі уақытта оларды толық іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Ал Абай ауылында сиыр фермасы мен №3 көшеге тас төсеу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстар ауылдың өндірістік әлеуетін арттырумен қатар тұрғындардың қатынасын да жеңілдетеді.

    – Биыл ауылдық округте жүзеге асырылып жатқан ең маңызды жобалар қандай?

    – Биыл бірнеше маңызды жоба қолға алынды. Соның бірі – Абай ауылындағы сиыр фермасы мен №3 көшеге 61,5 миллион теңгеден астам қаржыға тас төсеу жұмыстары. Сонымен қатар Абай ауылындағы мәдениет үйінің материалдық базасы жаңартылып,  130 жаңа сахна орындығы сатып алынды.

    Ал Досан ауылында балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған жаңа ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны 7,5 миллион теңгені құрады.

    Бұл нысандар ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға және мәдени-спорттық өмірді дамытуға бағытталған.

    – Ауыл тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары негізінде қандай мәселелер шешімін тауып жатыр? Кері байланыс қалай ұйымдастырылған?

    – Тұрғындардың пікірін тыңдау – біздің жұмысымыздың негізгі қағидаларының бірі.

    Биыл халықтың сұранысы негізінде жолдарды жөндеу, электр желілерін жаңғырту, көшелерді жарықтандыру, абаттандыру және әлеуметтік мәселелерді шешуге басымдық берілді.

    Кері байланыс бірнеше бағытта ұйымдастырылған. Атап айтқанда, әкімнің жеке қабылдауы, тұрғындармен тұрақты кездесулер, eOtinish платформасы, әлеуметтік желілер және жазбаша өтініштер арқылы халықпен байланыс үздіксіз жүргізіледі. Әрбір өтініш заң талаптарына сәйкес қаралып, оның орындалуы тұрақты бақылауда болады.

    – Ауылдың инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында қандай жұмыстар қолға алынды?

    – Қазіргі уақытта Досан ауылын тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен бірге көшелерді асфальттау, жолдарды жөндеу және көлік қатынасын жақсарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

    Бұл жобалар тұрғындардың күнделікті тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, ауылдың одан әрі дамуына серпін береді.

    – Жастардың қоғамдық өмірге араласуына әкімдік тарапынан қандай қолдау көрсетілуде?

    – Жастар – ауылдың болашағы. Сондықтан оларды жұмыспен қамтуға және кәсіпкерлікке тартуға ерекше назар аударылады.

    Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастар тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жолданады. Сонымен қатар “Жастар практикасы”, қоғамдық жұмыстар, алғашқы жұмыс орны және әлеуметтік жұмыс орындары сияқты жобаларға қатысу мүмкіндігі ұсынылады.

    Кәсіп ашуға ниетті жастарға «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие мен қайтарымсыз грант алу бойынша кеңес беріліп, құжаттарын рәсімдеуге жан-жақты қолдау көрсетіледі.

    Басты мақсат – жастардың ауылдан кетпей, өз кәсібін дамытып, тұрақты табыс табуына жағдай жасау.

    – Көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтарды қолдау бағытында қандай жұмыстар жүргізілуде?

    – Ауылдық округте аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Сонымен қатар мемлекеттік және ұлттық мерекелер қарсаңында демеушілердің қолдауымен әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарға азық-түлік себеттері үлестіріледі.

    Бұл жұмыстар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

    – Ауылда мәдени және спорттық өмірді дамытуға қаншалықты көңіл бөлінеді?

    – Ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше мән береміз. Жыл бойы спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, мәдени-көпшілік іс-шаралар тұрақты өткізіліп келеді.

    Осындай шаралар ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, жастардың белсенділігін арттыруға оң ықпал етеді.

    – Тұрғындардың жер телімдері мен елді мекенді кеңейтуге қатысты мәселелері қалай шешіліп жатыр?

    – Жер телімдерін беру, жеке тұрғын үй құрылысына арналған аумақтарды кеңейту мәселелері заң талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен шешілуде. Сонымен қатар бос жатқан жерлерге түгендеу жүргізіліп, олардың мақсатты пайдаланылуы бақылауға алынған.

    Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша да тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

    – «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қандай нақты жұмыстар жүргізілді?

    – «Таза Қазақстан» бағдарламасы ауыл тұрғындарының белсенді қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама аясында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, заңсыз қоқыс орындары жойылды.

    Сонымен қатар ағаштарды әктеу, жаңа көшеттер отырғызу, көгалдандыру, арықтарды тазалау, жол жиектерін ретке келтіру және балалар ойын алаңдары мен қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары атқарылды.

    – Қосшыңырау ауылдық округінің алдағы бірнеше жылдағы басты мақсаты қандай?

    – Алдағы жылдары ауылдың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын одан әрі дамыту жұмыстары жалғасады. Біздің негізгі міндеттеріміздің қатарында ауылішілік жолдарды жөндеу мен асфальттау, электр желілерін жаңғырту, көше жарығын көбейту, елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары бар.

    Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударылатын болады. Мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде «Ауыл аманаты» жобасы арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, тұрғындардың табысын арттыруға күш саламыз.

    Басты мақсат – Қосшыңырауды өмір сүруге қолайлы, инфрақұрылымы дамыған, тұрғындарының әл-ауқаты жоғары ауылдық округтердің біріне айналдыру.

    – Әңгімеңізге рақмет!

    Қамысқала Қосшыңырау Қызылорда
    Previous ArticleПредыдущая запись
    Next Article Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Талдықорған тұрғыны жазаға тартылды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Алматыда дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    05.09.2026

    Қарқаралы орманында бұландар фототұзаққа түсті

    05.09.2026

    Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адам екі аяғынан айырылып қала жаздады

    05.09.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 666 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.