Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытын қолдайды – сауалнама
    Жаңалықтар

    Қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытын қолдайды – сауалнама

    SalemnewsSalemnews31.07.202561 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    istockphoto.com


    Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 79,4 пайызы елдің даму бағытын дұрыс деп санайды. Маусым айындағы зерттеу нәтижелері қоғамдағы тұрақты көзқарасты көрсетті. Бұл – қоғамда таңдалған бағытқа қатысты кең қолдау барын және әлеуметтік көңіл-күйдің орнықты екенін аңғартады, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

     Бұл туралы «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институтының Telegram-арнасында жарияланды.

    Пікірлердің оң серпіні әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты да байқалады. Маусым айында респонденттердің 73,6%-ы бұл жағдайға оң баға берген. Бұл үрдіс халықтың қазіргі ахуалды қабылдауында тұрақтану үдерісі жүріп жатқанын көрсетеді.

    Саяси жағдай да негізінен оң бағаланады: респонденттердің 76,2%-ы қазіргі жағдайға қанағаттанатындарын білдірген.

    Қоғам тарапынан берілген жоғары оң бағалар көбіне саяси, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық факторлардың жиынтығына байланысты. Олардың қатарында ЖІӨ-нің 6%-ға өсуі, жаңа инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың салынуы мен іске қосылуы, ТКШ және көлік инфрақұрылымын жөндеу мен жаңғырту жұмыстары бар.

    Аталған социологиялық зерттеуді Қоғамдық саясат институты 2025 жылы 18 маусым мен 4 шілде аралығында жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 2000 қазақстандық қатысты. Сауалнама ұлттық репрезентативті іріктеме бойынша жүргізілді. Іріктеменің қателік мөлшері ±2,2%-дан аспайды.

    зерттеу Қазақстан сауалнама
    Previous ArticleКиік етін браконьерлердің сатпайтынына кім кепіл – министр жауап берді
    Next Article Ведомствоаралық кеңес өтті
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.