olympic.kz
Қазақстан құрамасының жүзушілері АҚШ-та өткен турнирде төрт медаль еншіледі, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.
Спортшылар Фуллертон қаласында ұйымдастырылған жарыста сәтті өнер көрсетті.
Айбат Мырзамұратов екі жүлдеге қол жеткізді. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде (1:03.33) мәреге бірінші болып жетті. Сонымен қатар 50 метрге еркін стильде жүзуде (23.02) күміс медаль иеленді.
200 метрге кешенді жүзуде Даниил Чужинов (2:09.20) күміс жүлдегер атанды.
Артур Миронов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде (1:03.76) үшінші орынға ие болды.
