Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
    Жаңалықтар

    Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин02.04.202522 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қазақстанда аймақтарға арналған жаңа «Орда Аймақ» ипотекалық бағдарламасы 7 сәуірде басталады, деп хабарлады salemnews.kz

    Компания таратқан ақпаратқа сәйкес «Орда Аймақ» ипотекалық несиелендірудің жаңа бағдарламасы 2025 жылдың 7 сәуірінен бастап іске қосылады деп жоспарланған.

    «Жаңа ипотекалық бағдарлама ҚТК кепілдігімен құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл ҚТК кепілдігімен үлескердің инвестициялары қорғалатынын білдіреді: құрылыс аяқталмаған немесе құрылыс салушы банкрот болған жағдайда, ҚТК үй құрылысының аяқталуына кепілдік береді. Өтінімдер «Отбасы банкі» АҚ уәкілетті агенттері арқылы қабылданады. 21 жастан асқан Қазақстанның кез келген азаматы қарыз алушы бола алады. «Отбасы Банк» АҚ-да депозиттің болуы бойынша қарыз алушыға қойылатын талабы мен тұрғын үйдің болуы бойынша шектеу «Орда Аймақ» бағдарламасына қолданылмайды», — делінген хабарламада.

    Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:

    • 15,9% мөлшерінде белгіленген сыйақы мөлшерлемесі, ЖТСМ 17,26% — дан 22,81% — ға дейін.
    • Икемді шарттар:
    • бастапқы жарна: 20% бастап.
    • қарыз сомасы: 1 млн теңгеден 75 млн теңгеге дейін.
    • қарыз мерзімі: 12 айдан 240 айға дейін.

    Тұрғын үйдің бастапқы құны төмен: салынып жатқан тұрғын үйдің бағасы дайын тұрғын үйге қарағанда төмен.

    «Салынып жатқан құрылыс объектілерінің сипаттамасымен, сондай-ақ сату бөлімшелері мен консультанттардың байланыстарымен ҚТК тұрғын үй порталында orda.homeportal.kz танысуға болады. Толық ақпарат алу үшін ҚТК-ның сall-орталығына хабарласыңыз: +7 7172 79-75-75 — қалалық телефон, 8 800 080-44-48 — ұялы телефон», — деп атап өтті «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ баспасөз қызметі.

    баспана ипотека Қазақстан
    Previous ArticleДепутат радикал ағымдарды қатаң бақылауды ұсынды
    Next Article  Еділ Жаңбыршин үкіметтік емес ұйымдарды сынға алды
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    Елімізде 1 шілдеден бастап не өзгереді

    01.07.2025

    Спортты дамыту дирекциясы 1 қызметкерге орта есеппен 7,7 млн теңге сыйақы берген – мемлекеттік аудит қорытындысы

    30.06.2025

    Жоғарғы Сот республика соттарының бірінші жартыжылдықтың жұмысын қорытындылады

    30.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.