Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстан құрамасының ойыншысы Франция чемпионатының клубына ауысты
    Жаңалықтар

    Қазақстан құрамасының ойыншысы Франция чемпионатының клубына ауысты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова10.06.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    instagram.com/hennebont_tennis_de_table


    Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Алан Құрманғалиев Францияның бес дүркін чемпионы «Аннебон» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қазақстан үстел теннисі федерациясының мәліметінше, тараптар арасындағы келісім бір жылға жасалған. Жаңа маусым қыркүйек айының ортасында басталады. Сол кезде Алан француз клубының сапында алғашқы кездесуін өткізуі мүмкін.

    Спортшының айтуынша, келіссөздер ұзаққа созылмаған.

    «Келіссөздер өте ұзаққа созылды деп айта алмаймын. Барлығы бір аптадан сәл ғана артық уақыт алды. Клуб қызығушылық танытты, сондықтан барлық мәселені тез талқылап, ортақ келісімге келдік», – деді Алан Құрманғалиев.

    Айта кетейік, «Аннебон» Франция чемпионатының элиталық про-лига дивизионында өнер көрсетеді. Команда бес рет ел чемпионы атанған. Сонымен қатар екі мәрте ETTU Cup Еуропа кубогін жеңіп алған.

    Алан Құрманғалиев небәрі 19 жаста болса да, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңіске жетіп, бірқатар беделді кәсіби турнирлерде жүлдегер атанған.

    Бұған дейін үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатында тарихи нәтиже көрсеткен еді. Ұлттық құрама өз тарихында алғаш рет 1/8 финалға дейін жетті.

    Осы жетістіктің арқасында Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте 18-орынға көтерілді.

    Айта кетейік, ұлттық құрама сапында Алан Құрманғалиевтен бөлек, Кирилл Герасименко да өнер көрсетеді. Ол Германияның «Вердер Бремен» клубының намысын қорғайды.

    Previous Article176 көпқабатты үйге ыстық су қосылады
    Next Article Арқалықта блогер 10 жылға сотталды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.