Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қарауылтөбедегі қарқынды даму
    Жаңалықтар

    Қарауылтөбедегі қарқынды даму

    SalemnewsSalemnews06.08.202615 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінде соңғы жылдары тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, жолдарды жөндеу, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік нысандарды дамыту, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру – ауылдық округ әкімдігі жұмысының негізгі бағыттарының бірі.

    Бүгінде ауылдық округте 3049 тұрғын тұрады. Жалпы жер көлемі 6806 гектарды құрайды, ал тұрғын үйлер саны – 614. Халық санының тұрақты өсуі жаңа инфрақұрылымдық жобаларға сұранысты арттырып отыр. Соған сәйкес ауылда кезең-кезеңімен жолдар жөнделіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

    Биылғы жылы жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ауылдағы 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7 көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу басталады. Сонымен қатар соңғы жылдары көшелерге асфальт төсеу және жаяу жүргіншілер жолдарын салу кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысына жағдай жасауды көздейді.

    Қарауылтөбе тұрғындары орталықтандырылған ауыз су жүйесіне толық қосылған. Округ аумағында орналасқан екі ұңғыма арқылы халық сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етілуде.

    Ауыл экономикасын дамытуда мемлекеттік бағдарламалардың да маңызы зор.

     – 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына тың серпін берді. Бағдарлама аясында жыл басынан бері мал шаруашылығы бағыты бойынша екі жоба қаржыландырылып, екі кәсіпкер жеңілдетілген несие алып, асыл тұқымды ірі қара өсіру, сүт өнімдерін өңдеу және жылқы шаруашылығын дамыту жұмыстарын жүргізіп келеді, – делінген әкімдік жауабында.

    Бұдан бөлек, асыл тұқымды мал шаруашылығы мен сүт өнімдерін өңдеуге қатысты тағы екі жоба қаралу үстінде. Сонымен бірге Қызылорда қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, «Аграрлық несие корпорациясы», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры және «Мансап» орталығының мамандары ауыл тұрғындары және кәсіпкерлермен кездесіп, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесулер барысында жеңілдетілген несие, субсидиялау және мемлекеттік қолдау тетіктері жан-жақты түсіндірілді.

    Ауылдағы жер мәселесі де өзекті тақырыптардың бірі. Бүгінде округ аумағында бос жер телімдерінің болмауына байланысты жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін беру уақытша тоқтап тұр. Дегенмен тұрғындардың өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізуіне қажетті жер телімдері Қызылорда қалалық жер комиссиясының шешімімен беріліп келеді.

    Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар да жалғасуда. Қарауылтөбеде 2011 жылы пайдалануға берілген №179 А.Хангелдин атындағы орта мектеп жұмыс істейді. Білім ордасында 530 оқушы оқиды. Мұнда мектепалды даярлық сыныптары мен түрлі спорттық және шығармашылық үйірмелер ұйымдастырылған. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған мәдени және спорттық іс-шаралар тұрақты өткізіліп келеді.

    Ауылдағы мәдени өмірдің орталығы саналатын Қарауылтөбе ауылдық клубында жастар үшін би, ән, қолөнер, жыр-терме және көркем сөз үйірмелері жұмыс істейді. Бұл жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беріп отыр.

    Денсаулық сақтау саласында ауыл тұрғындарына 2010 жылы салынған фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет көрсетеді. Алайда халық санының артуына байланысты жаңа дәрігерлік амбулатория салу қажеттілігі туындаған.

    – Осыған байланысты 2024 жылы амбулатория құрылысына арналған 3000 шаршы метр жер учаскесінің құжаттары рәсімделіп, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Қажетті қаржы бөлінгеннен кейін құрылыс жұмыстары басталады, – делінген жауапты мекеменің ақпаратында.

    Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп құқық бұзушылықтың, мал ұрлығының, тұрмыстық жанжалдардың және интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрақты рейдтер мен профилактикалық шаралар ұйымдастырылады. Ауыл көшелері мен қоғамдық орындары жарықтандырылып, бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

    Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларымен тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кешкі рейдтер ұйымдастырылады. Жазғы демалыс кезінде ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік ережелері және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша арнайы түсіндіру жұмыстары өткізілді.

    Сонымен қатар «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқық қорғау органдары, Әділет департаменті және нотариат палатасының өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесіп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық жұмыстар жүргізді.

    Биыл ауыл үшін маңызды оқиғалардың бірі – жаңа өрт сөндіру бекетінің пайдалануға берілу. 13 маусымда өткен салтанатты ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі, облыс және қала басшылығы, сала мамандары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Жаңа нысан төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін едәуір арттырды.

    Ауылды абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары да тұрақты жалғасып келеді.

    – Көктемгі және күзгі санитарлық тазалық айлықтары аясында көшелер, саябақтар, балалар ойын алаңдары мен қоғамдық орындар тазартылып, арық жүйелері ретке келтіріледі. Ағаштар әктеліп, жасыл желектер күтіп-бапталады. Мемлекеттік сатып алу арқылы анықталған мердігер ұйым санитарлық тазалық жұмыстарын жыл бойы жүргізіп келеді, – делінген әкімдік ақпаратында.

    Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауылда бірнеше ойын алаңы салынған. Атап айтқанда, Абай Құнанбаев көшесінде екі, С.Байсейітов көшесінде бір және квартал аумағында бір ойын алаңы жұмыс істейді. Алдағы уақытта жаңа қоныстанушы аумақта тағы бір балалар ойын алаңын салу жоспарланып отыр.

    Тұрғындардың ұсыныстарын ескеру және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағытында ауылда Ардагерлер кеңесі мен жергілікті қоғамдастық белсенді жұмыс істейді. Олардың қатысуымен ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, жастар тәрбиесі, қоғамдық тәртіп пен мәдени іс-шараларға қатысты мәселелер тұрақты талқыланып келеді. Қоғамдық кеңестердің ұсыныстары ауылды дамытуға қатысты шешімдер қабылдау кезінде ескеріледі.

    Әкімдік жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тұрғындарды жеке қабылдау тұрақты ұйымдастырылып, азаматтардың өтініштері заңнама талаптарына сәйкес қаралады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматқа көшірілген. Тұрғындар жер қатынастарына қатысты қызметтерді онлайн ала алады, сондай-ақ «eOtinish» платформасы арқылы өтініштері мен ұсыныстарын жолдап, олардың қаралу барысын бақылай алады.

    Алдағы кезеңде Қарауылтөбе ауылдық округінде инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасады.

    – Жолдарды жөндеу, жаңа жаяу жүргіншілер жолдарын салу, балалар ойын алаңдарын көбейту, жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысын бастау және кәсіпкерлікті қолдау негізгі басымдықтардың қатарында болады. Сонымен бірге қоғамдық тәртіпті нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Алкогольсіз ауыл» бастамасын жүзеге асыру жоспарланып отыр, – делінген әкімдіктің редакцияға берген жауабында.

    Жалпы, Қарауылтөбе ауылдық округінде қолға алынған жобалар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, ауылдың инфрақұрылымын жаңғыртуға және экономикалық белсенділікті күшейтуге бағытталған. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуы мен қоғамдық ұйымдардың белсенділігі ауылдың тұрақты дамуына негіз болып отыр.

    Қамысқала Қарауылтөбе Қызылорда
    Previous ArticleTikTok-тағы тікелей эфирде бейәдеп сөз айтқан 53 жастағы семейлік әйел жазаланды
    Next Article «Дұғада болайық»: Кенжебек Жанәбілов жансақтау бөліміне түскенін айтты
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Алматыда дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    05.09.2026

    Қарқаралы орманында бұландар фототұзаққа түсті

    05.09.2026

    Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адам екі аяғынан айырылып қала жаздады

    05.09.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 666 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.