Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Қанша отбасы із-түссіз кетті»: Техастағы алапат тасқыннан қаза тапқандар саны 43 адамға жетті
    Жаңалықтар

    «Қанша отбасы із-түссіз кетті»: Техастағы алапат тасқыннан қаза тапқандар саны 43 адамға жетті

    SalemnewsSalemnews06.07.202522 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: reuters.com

    АҚШ-тың Техас штатында болған жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 43 адамға жетті, оның ішінде 15 бала бар. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, тағы да ондаған адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Оқиға орталық Техастағы Гуадалупе өзенінің маңында болды. Бірнеше сағат ішінде 38 см-ге дейін жауған жауын салдарынан өзен 9 метрге көтеріліп, алапат апат салдарына ұласқан. 

    Керр округінде ғана 27 адам із-түзсіз жоғалды. Олардың ішінде «Camp Mystic» жазғы христиан лагері орналасқан, онда апат кезінде 700-ге жуық адам болған. Қазіргі мәлімет бойынша, 27 адам табылмай жатыр.

    Жалпы есепте 850 адам құтқарылған, кейбірі ағаштарға жабысып жан сақтаған. Соның ішінде 17 адамның аты-жөні әлі нақтыланбаған. Құтқару жұмыстары тікұшақтар мен жүздеген еріктілердің көмегімен жалғасып жатыр.

    Апаттан ең көп зардап шеккен өңірлер Керр, Трэвис және Кендалл округтері. Трэвис округінде 4 адам көз жұмған, тағы 13 адам хабарсыз кеткен. Кендалл округінде де бір адам қайтыс болғаны белгілі болды.

    Техас вице-губернаторы Дэн Патриктың айтуынша, су тасқыны басталғанда өңірде Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шараларға көптеген турист келген. Адамдар шатырларда, трейлерлерде және жалға алынған үйлерде түнеп жатқан.

    Керрвилл қаласының менеджері Далтон Райс:

    “Біз нақты қанша адам жоғалғанын айта алмаймыз. Тек белгілі бір тізім бар, бірақ жағдай өте күрделі,” – деді.

    Табиғи апат кезінде Heart O’ The Hills атты тағы бір лагерьдің иесі Джейн Рэгсдэйл де қаза тапқан.

    Тасқынның күшті болғаны соншалық – биіктігі 60 футтан асатын ағаштар тамырымен жұлынып кеткен. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған.

    “Бұл сұмдық. Қанша бала мен адам із-түссіз кетті. Бұл апаттан аман қалу өте қиын еді,” – дейді куәгер Тониа Фуччи.

    Президент Дональд Трамп зардап шеккендерге көңіл айтып, федералды көмек көрсету үшін төтенше жағдай жариялауға дайын екенін жеткізді.

    Ал, мамандар бұл апаттың алдын алуға болар ма еді деген сұраққа “Ұлттық метеоқызметте қысқартулар болған, соның салдарынан ескерту дер кезінде берілмеген болуы мүмкін” деген пікір айтты.

    су тасқыны Техас
    Previous ArticleҚасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады
    Next Article Алтыншы алтын: Санжар Ташкенбай әлем кубогында алтын медальға ие болды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.