Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады
    Жаңалықтар

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова27.07.202622 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto


    Сколково ғылым және технология институтының ғалымдары медицина қартаю үдерісін толық тоқтатуды үйренген күннің өзінде адамзат мәңгі өмір сүре алмайды деген қорытындыға келді. Бұл туралы Science Alert порталы жариялаған зерттеуде айтылған, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі Tengri Life порталына сілтеме жасап.

    Мұның басты себебі — ДНҚ-да өмір бойы үздіксіз жиналатын кездейсоқ мутациялар. Әдетте ағза мұндай өзгерістердің көбін түзетіп отырады. Алайда уақыт өте келе олардың бір бөлігі сақталып қалады. Осындай өзгерістер көбейген сайын ағзалар мен тіндердің қызметі әлсіреп, ақырында адамның өміріне қауіп төндіреді.

    Ғалымдар қартаюдың негізгі себебі ретінде тек соматикалық мутацияларды қарастыратын математикалық модель жасаған. Есептеу бойынша, тіпті қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары аурулары, деменция және жас ұлғаюына байланысты басқа да сырқаттар толық жойылған жағдайда да, жасушалардағы мутациялар уақыт өте көбейіп, ағзаның қалыпты жұмысын бәрібір бұзады.

    Апартаменты Swiss Collection на первой линии Есиля

    swisscollection.kz

    Жарнама

    Осындай жағдайда адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 150-190 жасқа дейін жетуі мүмкін. Бұл қазіргі Ұлыбритания тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығынан шамамен екі есе көп. Қазір ол әйелдер арасында — 83 жас, ерлер арасында — 79 жас.

    Зерттеу авторлары адамның өмір сүруінің теориялық ең жоғарғы шегі 627 жас болуы мүмкін екенін де алға тартты.

    Сондай-ақ, ғалымдар адам ағзасындағы барлық тін бірдей қарқында қартаймайтынын айтты. Мәселен, тері мен бауыр жасушалары үнемі жаңарып отырады. Ал жүрек пен ми жасушалары іс жүзінде жаңаланбайды. Сондықтан дәл осы мүшелерде мутациялар әлдеқайда жылдам жиналады.

    Previous ArticleПавлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты
    Next Article Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.